Павлодар облысында коменданттық сағатты бұзған 659 адам ұсталды
Павлодар облысында коменданттық сағатты бұзған 659 адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Аймақта жағдай тұрақты және құқық қорғау органдарының бақылауында. Сондай-ақ, облыста сағат 23.00-ден бастап 07.00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді.
Барлық қабылданған шаралар қоғамдық тәртіпті бұзушылыққа жол бермеу мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Төтенше жағдай кезінде бейбіт жиындар, ойын-сауық, спорттық және басқа да көпшілік іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.
Полиция департаменті жеке құрамының қызмет өткерудің ерекше режимінде жұмыс істеуде. Облыс орталығының периметрі бойынша блокпосттар қойылған, облысқа кіру мен шығу шектелген. Қоғамдық тәртіпті, халық тіршілігін қамтамасыз ететін аса маңызды мемлекеттік стратегиялық объектілерді күзету күшейтілді. Қала сыртындағы трассаларды полиция қызметкерлері патрульдейді.
Коменданттық сағатты бұзған 659 адам мен 294 автокөлік ұсталды. Әрқайсысына қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодексінің 476-бабы бойынша әкімшілік өндірістер қозғалды. Материалдар сотқа жіберілді. Автомашиналар мамандандырылған айыппұл тұрақтарына қойылды.
Тәуілік ішінде блок-посттар арқылы 6 213 автокөлік және 10 166 азамат өтті. Жүріп-тұруға рұқсат болмағандықтан, 39 автоқөлік мен 88 азаматқа кіру мен шығуқа рұқсат етілмеді.