Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында 220 тәртіп бұзушы 15 тәулікке қамалды

Павлодар облысында 220 тәртіп бұзушы 15 тәулікке қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 қаңтарда Павлодар облысының әкімдік ғимаратының алдында санцияланбаған митинг өтті. Сол уақытта облыс орталығында қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігі бұзылды. Сонымен бірге, жиналғандар бейбіт жиындар, митингтер, шереуіл, пикеттер мен шерулер ұйымдастыру және өткізу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзды.

Полицейлер 870 тәртіп бұзушыны ұстап, полиция бөлімдеріне жеткізгенін атап өтті. Әрқайсысына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды. Сонымен қатар, төрт шетелдікке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 8-бөлігі бойынша әкімшілік іс жүргізу қозғалды. Барлық материалдарды судьялар қарады.

– Нәтижесінде, жағдай бойынша сот қаулысымен 220 тәртіп бұзушыға 15 тәулікке дейінгі мерзімде әкімшілік қамау түрінде жаза қолданды. Барлық қамауға алынғандар Павлодар қаласының арнайы мекемелеріне қамалды. 288 тәртіп бұзушының әрқайсысына 30 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды, шетел азаматтары Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығарылды, – деп комендатурада хабарлады.

Сонымен бірге, полиция бейнежазбаларды зерделеді, ең белсенді тәртіп бұзушылар ұсталды. Әрқайсысына әкімшілік өндірістер қозғалды, материалдар сотқа жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру