Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында мал ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

Павлодар облысында мал ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 сәуірде арнайы операция жүргізу барысында Павлодар облысы Полиция департаментінің жедел қызметкерлері Қазақстан Республикасы ІІМ қызметкерлерімен бірлесіп төрт адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады.

– Қылмыстық топ Павлодар облысы Май ауданының Жақабай мал жайылым учаскесінің маңынан 40 бас ұрланған жылқыны айдап өтіп бара жатқанда ұсталды. Топ қатысушылары Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары болып шықты. Жылқылардың Шығыс Қазақстан облысының тұрғынына тиесілі екендігі анықталды. Сонымен қатар, олардың 13 сәуірде ШҚО-ның басқа тұрғынына тиесілі 23 бас жылқы ұрлығына қатысы бар екені анықталды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.

Тәртіп сақшысы аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 188-1-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Ұсталғандарға қатысты «қамауға алу» бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта олардың басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру