Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында мас күйде трактор айдаған жүргізуші жауапқа тартылды

Павлодар облысында мас күйде трактор айдаған жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының аумағында қылмысқа қарсы күресті күшейтуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында полицейлер 351 тіркеусіз тұрған шетелдік азаматты анықтады.

Іс-шараның екі күнінде полиция 1389 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. 295 көлік құралдарының жүргізушілерінің белгіленген қозғалыс жылдамдығынан асып кетуі, 195-і алкогольді ішкен немесе қоғамдық орындарда мас болған, 134 жаяу жүргінші жол қозғалысы ережелерін елемеген, 70-і ұсақ бұзақылық жасаған. Тыйым салынған заттарды заңсыз сақтағаны, алып жүргені үшін 8 адам ұсталды.

Сондай-ақ мас күйінде көлік құралдарын басқарған 15 жүргізуші тоқтатылды, аталған деректер бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Соттар бұзушыларды 15 тәулік мерзімге қамауға алу түрінде әкімшілік жазаға тартып, жүргізуші куәлігінен айырды.

– Мысалы, Железин ауданы ауылдарының бірінде полицейлер МТЗ 1221 тракторды мас күйінде басқарған ауыл тұрғынын ұстады. Бұл медициналық куәландырумен расталды. Сот жүргізушіні 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алды, сондай-ақ 7 жыл мерзімге көлікті басқару құқығынан айырды. Трактор арнайы айып тұрағына қойылды, – деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов.

Сондай-ақ 13 желтоқсанда Павлодар қаласы Восточный промрайон көшесінде Павлодар қаласы ПБ Оңтүстік полиция бөлімінің жедел уәкілдерімен қала тұрғыны ұсталды. Оның қалтасынан газ револьверіне ұқсас зат табылып, тәркіленді. Баллистикалық сараптама тағайындалды. Оның нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру