Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да ПД қызметкерлері көрме ұйымдастырды 

12 желтоқсанда ШҚО Полиция департаментінің Кадр саясаты басқармасы Әділетті Қазақстан құру идеясы төңірегінде азаматтардың пікірлерін нығайту, қазақстандықтардың саяси мәдениеті мен азаматтық ынтымақтастығын арттыру мақсатында Шығыс Қазақстан облыстық Оралхан Бөкей атындағы кітапханада Отанымыздың тәуелсіздігіне – елдегі бірлік пен бейбітшілікті нығайтуға арналған тақырыптық көрме ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға ПД Кадр саясаты басқармасының бастығы Ерхат Шалқыбаев және КСБ бөлімінің бастығы Қарлығаш Жүсіпова қатысты.

Кітап көрмесі еліміздің тәуелсіздік алған сәтінен бастап бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы туралы қаламгерлердің жазған еңбектері мен тәуелсіздік жылдарында баспадан шыққан әдебиет туындыларын қамтыды.

Көрмені ұйымдастырудағы мақсат – ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, аз уақытта ордалы елге айналған тәуелсіз Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау, сондай-ақ қоғамдағы саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани игі өзгерістерді көпшілікке таныту.

Аталған көрме жас тәртіп сақшыларының Отанға деген патриоттық сезімін оятып, қызметтік міндеттерін адал орындауға барынша ықпал ететіні сөзсіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру