Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында мас күйінде көлік айдаған жүргізуші жазаланды

Павлодар облысында мас күйінде көлік айдаған жүргізуші жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 мамыр күні Аққулы ауданы Черное ауылында ПБ қызметкерлері ГАЗ-3110 автокөлігін тоқтатып, мас күйінде басқарған жергілікті тұрғынды анқытады. Медициналық куәландыру нәтижесінде жүргізуші жеңіл дәрежедегі мас екендігі расталды. ІІМ базалары бойынша тексеру барысында жүргізушінің жүргізуші куәлігі мерзімі өтіп кеткені анықталды.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалып, сотқа жолданды, сот қаулысымен 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

 

– Жылдың басынын бастап бүгінгі таңда мас күйінде көлік құралын басқарудың 10 фактісі анықталды, оның ішінде ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігінде (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) көзделген қылмыстық жазаланатын әрекеттің екі фактісі» анықталды, – деді Аққулы ауданы ПБ ЖПҚБ бастығы Арман Асаинов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру