Павлодар облысында мас тракторшы анықталды
Павлодар облысында мас тракторшы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысы Ертіс ауылының полиция қызметкерлері Островский-Гагарин көшелерінің қиылысында патрульдеу кезінде күдікті болып көрінген тракторды байқады. Тексеру кезінде Т-40 көлігін жүргізген 35 жастағы жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шыққан, бұл медициналық куәландыру нәтижелерімен расталды, оған сәйкес ол ауыр дәрежеде мас күйінде болды.
Сондай-ақ, ер адамның биылғы жылдың қаңтарында 8 жылға көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды.
– Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ауыл тұрғыны Ертіс ауданының УҰИ қамалды, – деп хабарлады Павлодар облысы Ертіс ауданы бастығының бірінші орынбасары Серіқ Усенов.