Павлодар облысында нәзік жанды полицейлер арасында спорттық шара өтті
«Динамо» спорт кешенінде Халықаралық әйелдер күніне орай полицей арулар арасында жауынгерлік қарудан ату және үстел теннисінен жарыстар өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлердің әріптестері погондағы ханымдармен сәлемдесіп, барлығын келе жатқан мерекемен құттықтап, барлығына әдемі және есте қаларлық ойын, жаңа жетістіктер мен сәттілік тіледі.
– Полиция қызметі – әрқашан тәуекелді және ер адамдардың кәсібі болып саналады. Бірақ әйел өкілдері батылдықпен, табандылықпен және шеберлікпен ер әріптестерінен еш кем түспейді, мұны өткен жарыстар растады. Барлық қатысушылар күнделікті жұмыста қылмыскердің өмірін сақтап қалатын немесе тоқтата алатын дәлдік пен ептілікті көрсеткен кезде өздерін лайықты және дайын екендіктерін көрсетті, – дейді Павлодар облысы ПД арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасы бастығының орынбасары Владимир Ходацкий.
Жарыс қорытындысы бойынша жауынгерлік қарудан ату бойынша жеке есепте бірінші орын Ризагүл Андасова, департамент аппараты, екінші орын Айсұлу Омарова, департамент аппараты, Ақсу қаласының полиция бөлімі Сәуле Сағалиева қола жүлдегер атанды.
Жалпы командалық есепте бірінші орынды Павлодар облысы департаменті аппаратының командасы жеңіп алды. Екінші орын – Ақсу қаласының командасы. Үшінші орын – Екібастұз қаласында болды.
Жарыс қорытындысы бойынша үстел теннисінен жеке есепте Аққулы ауданының полиция бөлімі Мадина Есімханова үздік атанды. Күмісті Павлодар қаласының ПБ Жанар Бечелова жеңіп алды. Құрмет тұғырының үшінші сатысына Алсу Қайыржан, департамент аппараты және Ақсу қаласы Дарима Ермек көтерілді.
Погон киген ханым тек сүйкімділікпен ғана емес, сонымен қатар дәлдікпен және ракетканы кәсіби иеленумен де күресуге болатындығын тағы бір рет растады.
Барлық қатысушылар мен жүлдегерлерге естелік сыйлықтар, медальдар, грамоталар және гүлдер салтанатты түрде табыс етілді.