Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысының полицейлері арасында Макаров тапаншасынан оқ атудан жарыс өткізілді

Халықаралық әйелдер күніне орай Қызылорда облысы полиция департаментінде Макаров тапаншасынан оқ атудан жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының кубогына арналған құқық қорғау органдарының қыз-келіншектері арасында Макаров тапаншасынан оқ атудан жарыс өткізілді. Жарыс ПД арнайы жұмылдыру даярлық басқармасының ұйымдастыруымен оқу-жаттығу полигонында өтті. Жарысқа 16 команда, оның ішінде Қызылорда қалалық полиция басқармасы, полиция департаментінің басқармалары, ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің құрама командасы, аудандық полиция бөлімдерінің құрама командалары қатысты.

Турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Оралбек Омаров сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік пен жарқын жеңіс тіледі.

Айта кетерлігі, бұл доданың бас жүлдесіне Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының арнайы кубогы тігілді. Тартысты өткен сайыстың нәтижесі бойынша 1-орынды Қызылорда қалалық полиция басқармасының командасы иеленсе, 2-орынды Қармақшы ауданың полиция бөлімінің командасы жеңіп алды, ал 3-орынды Қызылорда облысы полиция департаментінің құрама командасы алды.

Жарыста жекелей сынға түскен қыздар арасында І орынды Арал ауданы полиция бөлімінің 2 арнайы тобының инспекторы Назерке Мерек, ІІ орынды Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығының инспектор кезекшісі Зура Шотаева, ІІІ орынға Қызылорда қалалық полиция басқармасының қабылдау тарату орнының полицейі Айгул Рсымова ие болды.

Жеңімпаздарға кубоктар, медальдар және алғыс хаттар табысталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру