Павлодар облысында оқушы полицейлердің алғысына бөленді
Павлодар облысында полицейлер жоғалған телефонды полицияға алып келген 4-сынып оқушысына алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Екібастұз қаласы Солнечный кентінің №16 орта мектебінің оқушысы Ксения Погребная мектептен үйіне келе жатып жолдан телефон тауып алды.
– Сауда үйінің жанынан өтіп бара жатып, жерде iPhonе телефонының жатқанын көрдім. Мен оны дереу полицияға апарып бердім, олардың көмегімен телефонның иесін тауып, телефонды қайтардым, – дейді Ксения.
Полиция қызметкерлері телефон иесін анықтап, жоғалған затты оның қолына берді. Телефон ауыл тұрғынына тиесілі екені анықталды, кәмелетке толмаған ұлы оны жоғалтып алған екен. Бала үйге келгеннен кейін ғана телефонын жоғалып алғанын біліп, қатты ренжіді.
Ал бей-жай қарамайтын қыз Ксения мен оның анасын полицейлер мектепке шақырды, онда салтанатты жағдайда қыздың әрекеті туралы айтып, оны белсенді азаматтық ұстанымы үшін жігерлендірді.
– Біз сенің адалдығың үшін қуандық. Ересек адамның әрекеті. Сен немқұрайды өтіп кетпей және осылайша иесіне оның мүлкін қайтаруға көмектестің. Қызын жақсы тәрбиелегені үшін анаңа ерекше алғыс айтамын, бұл көптеген құрдастарың үшін жақсы үлгі бола алады, – деді Екібастұз қаласы ГРЭС-2 ПБ полиция бөлімшесінің бастығы Рустам Омаров.