Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында балық аулау ережелерін бұзған азаматтарға айыппұл салынды

Павлодар облысында балық аулау ережелерін бұзған азаматтарға айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ертіс өзенінің жайылмасындағы аудан орталығының тұрғыны балық аулау ережелерін бұзып, бес келіден астам балықты заңсыз аулаған. Ауыл тұрғыны балық аулау және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзғаны үшін жазаланады. Сот шешімімен ер адамға 10 АЕК айыппұл түрінде жаза белгіленді, бұл 36920 теңгені құрайды.

– Басқа жағдайда, Железин ауданы тұрғынының жүксалғышында елік тушасы табылды, осыған ұқсас құқық бұзушылық Ертіс ауданында да тіркелді. Жыл басынан бері өңірде 190 экологиялық құқық бұзушылық жойылды, оның ішінде 8 азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, 800 мың теңгеден астам өндірілді. Осы бағыттағы профилактикалық жұмыстар басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізілуде, – деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Аслан Жағыпаров.

“Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодекске сәйкес балық аулау және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу, жеке тұлғаларға – 10, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 30, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 50, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 айлық есептік мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Егер бұзушылық әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалса, жеке тұлғаларға – 20, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 50, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 70, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 150 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Бұдан басқа, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзімдерде, тыйым салынған құралдармен немесе тәсілдермен, тыйым салынған орындарда балық аулау қағидаларын, сондай-ақ қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа түрлерін жүзеге асыру қағидаларын өрескел бұзғаны үшін-жеке тұлғаларға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 60, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 100, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 250 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, әкімшілік құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралдары тәркіленеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру