Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында оқушылар арасында оқу-жаттығу жиыны өтті

Павлодар облысында оқушылар арасында оқу-жаттығу жиыны өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16-20 мамыр аралығында өскелең ұрпақтың бойында патриотизмді қалыптастыру және әскери дағдыларды дамыту мақсатында Павлодар облысының 10-сынып оқушылары арасында оқу- жиындары өтті. Жиын Шарбақты ауданының «Лесная сказка» ЖШС базасында болды.

5 күн ішінде 500-ден астам оқушы-болашақ отан қорғаушылар физикалық, тактикалық және саптық дайындықтың бағдарламасынан өтті, әскери қызмет негіздерінің теориялық және практикалық білімдерін алып, спорттық нормативтерді тапсырды, сондай-ақ қарауылдық қызметті өткеруді үйренді. Жас жігіттер үшін практикалық сабақтарды өткізу және онда тұру үшін барлық жағдай жасалған. Оқу-жиынның соңында оқушылар қорытынды баға алды. Павлодар облысы ПД басшылығының бастамасымен жиынға қатысушылар үшін полицейлер алғаш рет мамандандырылған қызметтермен кездесу өткізді.

– Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялап, олардың әл-ауқаты – мемлекетіміздің табысты болашағының сенімді кепілі екенін атап өтті. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы және бақытты балалық шағы – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз. Сондықтан балаларға ерекше назар аудару керек, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бибігүл Қамзина.

Оқушылар алдында департаменттің арнайы жасағының жауынгерлері оқушыларға күрес элементтері және қару-жарақ пен киім-кешек көрсетілді. Полиция-кинологтар жалпы оқыту курсына кіретін үй жануарларының негізгі дағдыларын көрсетті.

Демонстрацияларда төрт аяқты полиция көмекшілеріне күрделі міндеттер қойылды, олар барлық тапсырмаларды анық және тез орындады. Мастер-классты бельгиялық иттер Альфа, Зидан және Арлан көрсетті, олар кедергілерден оңай және мінсіз өтіп, сонымен қатар бетбелгілерде жасырылған жарылғыш заттар мен есірткілерді табу қабілеттерін көрсетті.

Кездесу барысында полиция қызметкерлері балаларға ҚР ІІМ ведомстволық мекемелеріне түсу ережелері мен талаптары туралы, ішкі істер органдарының құрылу тарихы, біздің заманымыздың полициясы туралы, заманауи полицейдің қандай қасиеттері болуы тиіс екендігі туралы айтып берді. Оқушылар ішкі істер органдарындағы қызметке қызығушылық танытып, болашақта полицияда қызмет етуге ниет білдірді. Іс-шара соңында тәртіп сақшылары жастардың көптеген сұрағына жауап берді.

– Бұл жиын бізге келешекте мерзімді әскери қызметті өткеру кезінде қажет болатын армиялық жұмыс күндері мен тұрмысын өзімізде сынауға мүмкіндік берді. Бүгін біз полициядағы қызмет туралы көп нәрсе білдік және мен полициядағы қызметті мансаптық өсу мүмкіндігімен беделді, перспективалы жұмыс деп санаймын. Болашақта полицияда қызмет етіп, қылмыспен күресіп, адамдарға көмектескім келеді, – дейді Павлодар қаласының №24 мектебінің оқушысы Нұрғали Әлімханов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру