Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында «Отбасылық кабинет» жұмыс жасауда

Павлодар облысында «Отбасылық кабинет» жұмыс жасауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Полиция жұмысының қазақстандық сервистік моделі» пилоттық жобасы аясында Павлодар қаласы ПБ жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері әкімшілік тәртіпте ұсталған адамдар үшін арнайы қабылдау орнында профилактикалық әңгімелер өткізіп отырады. Онда профилактикалық «Отбасылық кабинеті» жұмыс істейді. Мұнда білікті психологтар әкімшілік қамауға алынған адамдарға моральдық-психологиялық көмек көрсетеді.

Психологтар әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін қамауға алынған азаматтармен байланыс орнатып, отбасындағы проблемаларды анықтауға көмектеседі, туыстарымен қарым-қатынасты реттеуге мүмкіндік береді.

Кабинетте эмоционалды шиеленісті тез және тиімді жеңілдету үшін оңтайлы жағдайлар жасалған. Сондай-ақ медиаторлар, тәжірибелі заңгерлер мен үкіметтік емес ұйымдар өз көмегін көрсетеді.

– Бұл профилактикалық кабинет әкімшілік қамауға алынған адамдардың психологиялық жағдайын жақсарту үшін қолайлы. Арнайы қабылдау орнында жыл басынан бері түрлі құқық бұзушылықтар жасаған 223 адам ұсталды. Олардың әрқайсысымен осы кабинетте жұмыс жүргізіледі, – деп атап өтті Павлодар қаласының ПБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Бақытжан Тұрсаринова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру