Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері қару жасырмақ болған азаматтарды құрықтады

ШҚО полицейлері мылтық пен винтовка жасырмақ болған азаматтарды құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы заңсыз айналымдағы атыс қаруы мен оқ-дәрілерін алып қоюға, ұрланған және жоғалған қаруды іздестіруге бағытталған жедел іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді.

Тамыз айының ортасында ҰҚҚКБ қызметкерлері қазіргі уақытта түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан облыс орталығының 30 жастағы тұрғыны 2021 жылы бас бостандығынан айырылғанға дейін Самсоновка ауылындағы көпірдің астына қару көмгені туралы жедел ақпарат алған. Келіп түскен сигналды тексеру барысында көрсетілген орын анықталып, онда таяз терең қазылмаған шолақ мылтық табылған.

Маманның қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат атуға жарамды 16 калибрлі 3К үлгісіндегі тегіс, бір ұңғылы бар шақпақты аңшылық мылтық табылған. Тіркелген және криминалдық қару есебінде жоқ.

Қаруды заңсыз сақтау туралы ұқсас жедел ақпарат бірнеше күннен кейін облыс орталығының 51 жастағы тұрғынына қатысты келіп түскен. Ол да расталды.

Гаражды дереу тінту барысында спорттық-аңшылық ойық атыс қаруына арналған 5,6 мм калибрлі оқ-дәрілерімен атуға арналған 5 мм калибрлі ТОЗ-8 үлгісіндегі бір ойық мылтық табылып, тәркіленді.

Күдіктігіе қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Екі факті бойынша да ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (Атыс қаруын (тегiс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа), оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Аталған адамдарда қарудың болу мән-жайлары анықталып, тергеу нәтижелері бойынша процестік шешімі қабылданатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру