Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында отбасылық жанжал шығарған ауыл тұрғыны 5 тәулікке қамалды

Павлодар облысында отбасылық жанжал шығарған ауыл тұрғыны бес тәулікке қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Аққулы ауданының сотында әкімшілік істі қараудың себебі – құқық бұзушының жұбайының полицияға жүгінуі. Әйелдің айтуынша, жұбайы жиі жанжал шығарады. Балағат сөздер айтады, күш қолданады. Жұбайын кешіре алмаған әйел оған жаза қолдануды талап етті.

– Ер адамға қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБК-нің 73-2-бабы 2-бөлігі (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша әкімшілік материал жасады. Материал сотта қаралды, онда жұбайы құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түрінде әкімшілік жазаға тартылды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру