Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстан полициясы құрылған күні дүниеге келген полицей қызметі жайлы айтып берді

Қазақстан полициясы құрылған күні дүниеге келген тәртіп сақшысы мамандық таңдауының немен байланысты екенін айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz

23 маусымда Жасұлан Бекбалаев Қазақстан полицейлерімен бірге мерейтойын атап өтеді. Ол заң үстемдігі мен азаматтардың қауіпсіздігі үшін қызмет етеді. Полиция капитаны Жасұлан Бекбалаев – Бостандық аудандық ПБ анықтау бөлімі бастығының орынбасары.

Әрине, соңғы үш онжылдықта Қазақ полициясымен бір жылда өмірге келіп, есейіп кеткендердің жаңа буыны Отан игілігі үшін қызмет етуді өз кәсібі ретінде таңдады.

Жасұлан Бекбалаев ішкі істер органдарына ІІМ академиясын бітірген соң 2014 жылы жұмысқа кірген.

Оның жұбайы – мамандығы бойынша экономист, қаладағы ауруханалардың бірінде жұмыс істейді. Екеуі бірге болашаққа жоспар құрып, тұңғыштарын күтіп жүр.

– Қызмет еткен жылдарда мен көп нәрсені көрдім. Ең есте қалғаны – банкке жасалған қарақшылық шабуылдың тергелуі. Ол кезде мен әлі жас тергеуші едім, бірақ бұл қиын да атышулы іс маған сеніп тапсырылды. Бұл істі тергеу барысында мен кәсіби тәжірибе жинадым. Мемлекетімізде жас ұрпақ үшін барлық жағдай жасалған. Біздің әрқайсымыздың Отанымызды мықты ететін және гүлдендіретін күш-қуатымыз бар. Сонда адамдар бір-біріне мейірімділікпен қарай бастайды, сәйкесінше қылмыс та азаяды, – деді Жасұлан Бекбалаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру