Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында өткен жылы мыңдаған жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды

Павлодар облысында өткен жылы мыңдаған жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ертіс өңірінде жол қозғалысы қауіпсіздігіне бағытталған профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіледі.

– Нәтижесінде 1,5 млрд теңге сомасына айыппұл салынған 132 мыңнан астам ЖЖЕ бұзушылардың жолын кесті. Мыңдаған жүргізуші автокөлікті жүргізу құқығынан айырылды. Қабылданып жатқан шаралардың арқасында өңірдегі жол-көлік оқиғаларының саны 3%-ға немесе 20 фактіге төмендеді, – дейді Жасқайрат Қайыров Павлодар облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Облыста патрульдік автокөліктерге орнатылған 48 автоматты жол жүру ережелерін тіркеу жүйесі, 6 “кибер-шериф” аппараттық-бағдарламалық кешені жұмыс істейді. Олардың көмегімен 29 мың бұзушылық анықталды, бұзушыларға 402 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Полицейлер биыл осындай 4 кешен сатып алу жоспарланып отырғанын атап өтті. Өткен жылы Павлодар – Қызылорда республикалық тас жолында 12 камераға 3 “Зерек” жүйесі орнатылды. Жол қозғалысын қадағалау тиімділігін арттыру мақсатында полицейлердің планшеттерінде “Қорғау” мобильдік қосымшасы орнатылды, оның көмегімен 118 автокөлік айыппұл тұрақтарына қойылды, 8 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру