Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астаналық сақшылар оқу орындарында профилактикалық кездесулерді жалғастырып жатыр

Астаналық сақшылар оқу орындарында лаңкестікке қарсы дайындық бойынша профилактикалық кездесулерді жалғастырып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласы ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша №72 мектеп-лицейінің тиісті басшылығы және қызметкерлерімен сабақтар өткізіп, оның барысында әдістемелік ұсыныстар берді. Кездесу барысында терроризмге қарсы қорғаныс объектілерін терроризмге қарсы қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы жан-жақты түсіндірілді.

“Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы” Қазақстан Республикасы Заңының баптарында көрсетілгендей оларға сәйкес объектілердің басшылары кіруге тиісті бақылауды қамтамасыз етуге, объектілерді заманауи инженерлік-техникалық қауіпсіздік құралдарымен жабдықтауға, терроризмге қарсы қауіпсіздік паспорттарын әзірлеуге міндетті. Күзет объектісін құру және мекеме қызметкерлерімен алдын алу шараларын ұйымдастыру. Сондай-ақ терроризм актісі нәтижесінде туындаған техногендік қауіптерді жоюға уәкілетті мемлекеттік органдармен бірге қатысу.

Бұл ұсыныстардың мақсаты адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған төтенше жағдайларда алдын алу шаралары мен іс-қимылдарын ұйымдастыруға көмек көрсету бағытында керектігі де жеткізілді.

Қылмыстың алдын алу мақсатында жиналғандарға терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін жауапкершілік қарастырылатыны туралы да айтылды. Атап айтқанда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес лаңкестік актісі туралы көрінеу жалған хабарлама жасау – 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, немесе бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады .

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру