Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында өзгенің мүлкін ысырап етудің 50 фактісі тіркелді

Павлодар облысында жыл басынан бастап өзгенің мүлкін ысырап етудің 50 фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сараптамаға сүйенсек, қылмыстық құқық бұзушылықтардың осы түрлері есепшілер, кассашылар, қойма меңгерушілері, дүкен сатушылары, экспедиторлармен жасалып жатады.

– Жұмыскерлеріне сенім артқан басшылық ұзақ уақыт ревизия жүргізбей, ақыр соңында келеңсіз жағдайларға тап болып жатады. Павлодар облысында жыл басынан бастап өзгенің мүлкін ысырап етудің 50 фактісі тіркелген, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығының орынбасары Рашад Утеуов.

Мәселен, павлодарлық ер адам полицияға жүгінді. Ол Железин ауданында үй сатып алған. Үйдің ауласында тұрған суға арналған ыдысты үйдің бұрынғы иесі оны басқа көршісіне сатып жіберген. Осы факт бойынша үйдің бұрынғы иесіне қатысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 189-бабы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүруде. Оқиға жағдайлары анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру