Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас күйінде көлік басқарған қызылордалық анықталды

Мас күйінде көлік басқарған қызылордалық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғасын азайту және жол қозғалысы ережелері мен заң бұзушылықтарды анықтау мақсатында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері күн сайын рейдтік және профилактикалық іс-шаралар өткізеді.

Кезекті рейд кезінде қала көшелерін аралау уақытында полиция қызметкерлері 25 маусым күні Audi А6 маркалы автокөлікті тоқтатты.

Муратбаев көшесімен жақын жарық шамын жақпай келе жатқан. Полиция автокөлікті тоқтату барысында жүргізуші көлікті мас күйінде жүргізгені белгілі болды.

Құқықбұзушының өткен наркологиялық сараптама нәтижесі бойынша жеңіл мас болу дәрежесінде болғаны анықталды.

Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабының 1-бөлігі (Жүргізушінің алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйде көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын жүргізуді алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамға беруі) бойынша және ҚР ӘҚБтК 595-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру