Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатқан тұрғын жауапқа тартылды

Павлодар облысында пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатқан тұрғынға айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында Павлодар облысының полиция қызметкерлері ТЖ өкілдерімен бірлесіп контрафактілік пиротехникалық өнімнің заңсыз сатылуын анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізіп жатыр. Пиротехниканы сату үшін лицензия болуы керек. Кезекті рейд сатушылардың кейде осы немесе басқа өнімді қалай пайдалану керектігін түсіндіре алмайтындығын көрсетті.

– Шарбақты ауылының 34 жастағы ауыл тұрғыны ұйымның жанындағы автотұрақта көліктен пиротехникалық бұйымдарды сатқаны анықталды. Тексеру кезінде сондай-ақ азаматтың рұқсат беретін арнайы лицензиясы жоқ екендігі анықталды. Барлық пиротехникалық өнімдер комиссиялық тәртіппен жою үшін тәркіленді. Ал кәсіпкер сатушыға ӘҚБтК-нің 196-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды, 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – деді Павлодар облысы Шарбақты ауданының әкімшілік полиция бастығы Сұңқар Мейірманов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру