Павлодар облысында полицейлер мен қоғам белсенділері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Павлодар облысында халықты толғандыратын қауіпсіздік мәселелерін шешу жолдарын бірлесіп іздеуде құқықтық тәртіп сақшылары мен қоғам белсенділері жұмыс кездесуін өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кездесу барысында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
– Полицияның “Қазақстандық сервистік моделі» пилоттық жобасының негізгі факторлары халыққа сапалы полиция қызметтерін көрсету, клиентке бағдарлану және басқа мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық.
Бұл кездесу халықты толғандыратын проблемаларды, яғни есірткі құралдарымен байланысты қылмыстар (бетбелгілер мен тасымалдаушылар), белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдардың мәселесі, қаңғыбас жануарлардың (иттердің) саны, заңмен тыйым салынған уақытта алкоголь өнімдерін сату, жоғалған адамдарды іздеу секілді мәселелерді тиімді шешу үшін волонтерлік бірлестіктермен ынтымақтастық мақсатында ұйымдастырылды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Айта кету керек, Ертіс өңірінің құқықтық тәртіп сақшылары мен еріктілер арасында ұзақ уақыт бойы тығыз қарым-қатынас орнатылған. Бүгінгі жұмыс кездесуіне ПД басшылығы, «Vita Павлодар қаласының іздеушілері» , «14 Легион іздеу-гуманитарлық жасағы», «Красный полумесяц», қоғамдық бірлестігінің өкілдері, креативті жастармен жұмыс жөніндегі орталықтың, сондай-ақ «Павлодар жүрегі» қоғамдық қорының өкілдері қатысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев полицейлер жұмысының «сервистік» моделінің ажырамас бөлігі құқық қорғау органдарының қоғаммен тығыз қарым-қатынасы екендігін атап өтті.
Еріктілер – бұл полиция мен халық арасындағы байланыстырушы көпір. Еріктілер хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеу жөніндегі іс-шараларды өткізу кезінде полицейлерге тұрақты негізде жәрдем көрсетеді, профилактикалық іс-шараларға, науқандарға белсенді қатысады.
Іскерлік кездесу барысында екі тараптан да еріктілердің де, тәртіп сақшыларының да жұмысын жақсарту бойынша түрлі идеялар мен ұсыныстар келіп түсті.
Кездесуге қатысушылар меморандумға қол қою арқылы өз ниеттерін бекітті, бұл тығыз ынтымақтастыққа, жан-жақты көмек көрсетуге, сондай-ақ қажетті ақпаратпен алмасуға ықпал етеді.