Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қырағы дүкен жұмысшысы павлодарлық зейнеткердің жоғалған әмиянын табуға көмектесті

Павлодар облысында полицейлер зейнеткерге жоғалған әмиянын тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ертіс ауданының полициясына дүкеннің жанында орналасқан қоқыс жәшігінен әйелдер сөмкесі табылғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Келген жедел уәкілдер былғары сөмкені ешкім қоқыс жәшігіне тастай алмайтынын біліп, болған оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.

– Бақылау камераларындағы жазбаларды зерттеп, зейнеткерді анықтадық. Ол өзінің әмиянын іздеп, бірнеше дүкенге кіргенін және оны қай жерде ұмытып кеткенін есіне түсіре алмай тұрғанын түсіндіріп, әмиянында тек банк карточкалары болғанын, олардың арасынан біреуін таба алмағанын айтты. Сондай-ақ дүкен кеңесшісі Даниал Қожанов жазбаларды қарап отырып, күдікті келушіні көрсетті, ол үнемі жан-жағына қарап, күдік тудырған, – дейді Павлодар облысы Ертіс ауданы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Серік Үсенов.

Жергілікті тұрғын әмиянды көріп, карточканы алып, қалғанын лақтырып тастады. Оған келген жедел уәкілдер мерекеге жайылған үстелді байқады. Ол дүкеннен азық-түлік сатып алып, әйелдің картасымен ақшасын төлеген.

Полицейлер Даниал Қожановтың қырағылығы үшін алғыс айтып, «Сақшы» қоғамдық көмекшілерінің қатарына қосылуға шақырды. Ал ұрлықшымен енді тергеушілер айналысады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру