Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды полицейлері тұрғынның жоғалған жылқыларын тауып берді

Қарағанды полицейлері тұрғынның жоғалған жылқыларын тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сағат 23:00 шамасында Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Киров полиция бөліміне 35 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Азамат осыдан үш күн бұрын жайылымнан бес жылқысының жоғалғанын хабарлады. Алдымен жәбірленуші жоғалған жылқыларды өзі іздеген, кейін онысынан нәтиже болмаған соң полицейлерден көмек сұраған.

Криминалдық полиция және жергілікті полиция қызметінің инспекторлары жылқыларды бірден іздеуге кірісті. Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде жоғалған жылқылар Саран қаласының маңынан табылды.

Қала тұрғыны жедел-іздеуге кірісіп, жылқыларын тауып берген тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру