Павлодар облысында полиция қызметкерлері 360 мектепте құқықтық сабақ өткізді
Павлодар облысының полицейлері облыс мектептерінің оқушыларына бейнероликтер мен слайдтар көрсетіп, құқықтық сабақ өткізді. Мұндай кездесулердің негізгі мақсаты – оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық сауаттылығын арттыру, оларды заңсыз әрекеттер жасаудан сақтау, сондай-ақ өскелең ұрпақты заңға бағынатын азамат етіп тәрбиелеу, – деп хабарлайды Polisia.kz.
№ 9 жалпы білім беретін мектепке Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров барып, оқушыларға кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық жасауының алдын алу туралы түсіндірді. Құқықтық сабақ аясында ол жол жүру қауіпсіздігіне ерекше назар аударып, оқушыларды жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Сондай-ақ оқушылар арасында буллинг мысалдарына баса назар аударды. Кәмелетке толмағандардың қай жастан бастап әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы хабардар етті. Өңірде жасөспірімдер жасаған құқық бұзушылықтар туралы айтты.
Тәртіп сақшысы оқушыларға нашақорлық мәселесі туралы айтып, есірткіні қолдану жақсы өмірдің басы емес, соңы екенін еске салды, Оның сөз сөйлеуінің барлық блогы қазіргі қоғамның тағы бір жағымсыз «трендіне» арналды – лудомания немесе құмар ойындар. Мысалы, ойын автоматтары, онлайн ойындар, ставкалар, компьютерлік ойындар және құмар ойындар.
ПД бастығының бірінші орынбасары балаларға бұл жай ғана ойын емес, бұл емі жоқ ауру екенін, көбінесе қалпына келтірілмейтін салдарға әкелетінін ескертті. Әңгімелесу барысында балаларға кәмелетке толмағандардың ересектердің еріп жүруінсіз қоғамдық орындарда түнгі уақытта болуын шектейтін қолданыстағы заңнаманы сақтау қажеттігі туралы, алкоголь мен есірткі заттарын пайдаланудың теріс салдары туралы еске салды, сондай-ақ заңды бұзу неге әкелуі мүмкін екенін түсіндірді.
– Сіздердің көпшілігіңіз өздерінің жасөспірімдік максимализміне байланысты белгілі бір әрекеттер қылмыстық немесе әкімшілік заңнаманың нормаларына жатпайды деп қателесесіздер. Сондықтан біз сіздердің жауапкершілігіңіз туралы айтып, ойланбай жасайтын әрекеттерден сақтандырамыз, – деп атап өтті Қайыров.
Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды, оған толық және сындарлы жауап берілді.
– Сіздерді жарқын болашақ күтіп тұр. Сіздерді өздеріңізді және заңды құрметтеуге шақырамын, – деді Жасқайрат Қайыров.