Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сотталған әйелдер қайырымдылық қорының өкілдерімен кездесті

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №10 мекемесіне ҚАЖД-ның сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімі бас маманының басшылығымен азаматтық қайырымдылық қоғамдық қорының өкілдері келіп, жазасын өтеп жатқан әйелдермен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Атамекен” кәсіпкерлер палатасы және ҚАЖ департаментінің бастамасымен ұйымдастырылған кездесу барысында Қоғамдық қор басшылары М.Сауытбекова және А.Қасымғал қордың негізгі мақсатымен және атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырды. Сондай-ақ жазасын өтеп шыққан әйелдерді жұмыспен қамту, оларды тұрмыстық жағынан қолдау мүмкіншіліктері жайлы айтты.

ҚР Премьер-министрінің ҚАЖ мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасы бойынша азаматтық қайырымдылық қоры сотталған әйелдердің біліктіліктерін арттыру үшін жаңа жобаны қолға алуда. Осы орайда аталған қор макияж, маникюр, шаш бояу және шаш сәндеу шеберлерін даярлайтын қысқа мерзімді курстар ашуды жоспарлап отыр. Сотталған әйелдер жаңа кәсіп игеруге мүмкіншілік беретін мұндай ақпаратты қуана қабылдап, қор өкілдеріне қиын сәттерде қолдау көрсеткендері үшін алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру