Павлодар облысында полиция қызметкерлері арасында триатлоннан жарыс өтті
Павлодар облысында полиция қызметкерлері арасында триатлоннан жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жарысқа 20 жастан 40 жасқа дейінгі төрт команда қатысты. Жарысқа қатысушылардың алдында департаменттің арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасы бастығының міндетін атқарушы Владимир Ходацкий сөз сөйлеп, дәстүрлі турнир командаларға өздерінің беріктігін тексеруге және ақыл-ой күшін сынауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Арнайы бөлімшелердің қызметкерлеріне өздерінің үздік кәсіби қасиеттерін және командада жұмыс істей білуін, адал табанды күрес пен мықтыларға жеңіс тіледі. Жарысқа бірнеше кезеңнен тұрды: 500 метрлік жүзу, 15 км веложарыс және 6 км кросс. Барлық командалар дене шынықтырудың жоғары деңгейін көрсете отырып, сынақтардан сәтті өтті.
Кезеңдерден өту қорытындысы бойынша Павлодар облысы полиция департаментінің оқу-жаттығу взводының командасы триатлон жеңімпаздары атанды. Екінші орын ЖҚАЖ командасына бұйырды. Үшінші орын 5512 әскери бөлімінің құрама командасына берілді. Барлық қатысушылар арасында абсолютті есепте үздік уақыт көрсетіп, Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі департаментінің прапорщигі Айбек Жотеков жеңіске деген ерік-жігері үшін кубокпен марапатталды. Салтанатты жағдайда жеңімпаздарға дипломдар, медальдар мен кубоктар табысталды. Жеңімпаздарды құттықтай отырып, оқу-жаттығу взводының командирі Руслан Қабиденов қатысушылардың жеңісінің нәтижесі арнайы бөлімшенің әрбір қызметкерінің күнделікті жаттығуы екенін атап өтті.