Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында «Пробация қызметінің үздік қызметкері» байқауының жеңімпазы анықталды

Павлодар облысында «Пробация қызметінің үздік қызметкері» байқауының жеңімпазы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің аумақтық пробация қызметкерлерінің арасындағы кәсіби шеберлік конкурсының «Пробация қызметінің үздік қызметкері» Екібастұз қаласының аға инспекторы Лаура Суханова жеңімпаз атанды.

Лаура Суханова ішкі істер органдарында 2008 жылдан бастап қызмет атқарады. Құқықтану мамандығында оқып жүріп, полицияда тәжірибеден өтті. Оқудан кейін ол өз тағдырын осы қызметпен байланыстыруды шешті.

Бүгінгі таңда аға инспекторы Лаураның бірінші кезекте міндеті – пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету және оларды түзету жолына жіберу.

– Пробация қызметінің қызметкері – ол психолог, мұғалім және қиын өмірлік жағдайда тап болғанда қолдайтын досы болуы керек, бұл жұмысты асыра бағалау мүмкін емес. Біздің жұмысымыздағы ең маңыздысы – сенім. Иә, мен келісемін, бірнеше рет заңды бұзатындар да бар. Алайда біз осы санатпен жұмыс істейміз, – дейді Лаура.

Қазір Л.Суханованың қызмет көрсету учаскесінде 48 сотталған, оның ішінде төрт әйел және бір кәмелетке толмаған қыз тіркеуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру