Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулықты ұрып-соғып, жарты млн теңгесін тартып алған күдіктілер ұсталды

Атыраулықты ұрып-соғып, жарты млн теңгесін тартып алған күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қаңтар күні сағат 21:30 шамасында белгісіз біреулер 28 жастағы қала тұрғынын көшелердің бірінде тоқтатып, одан ақша беруін талап еткен.​ Осыдан кейін шабуылдаушылар жәбірленушіні ұрып-соғып, қалтасынан 500 мың теңгесін күштеп тартып алған.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шарасы барысында 23 және 22 жастағы екі күдіктіні анықтап, ұстады.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру