Павлодар облысында қараусыз жүрген мал жол-көлік оқиғасына себепкер болды
Павлодар облысында қараусыз жүрген мал жол-көлік оқиғасына себепкер болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қараусыз жүрген мал анықталған жағдайда, ол арнайы айыппұл тұрағына қамалады, ал иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
– Жылдың басынан бері біздің аудан аумағында мұндай бес факті анықталды. Мал жайылымы ретінде қарастырылмайтын орын – жол бойында жайылып жүру. Осыған сәйкес, 40 бас жылқы айыппұл тұрағына орналастырылды, олардың иелері ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Павлодар облысы Успен ауданының жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуандық Шахманов.
Сондай-ақ, аудан аумағында қаңғыбас малды уақытша ұстауға арналған 12 қамау орны жұмыс істейді.
Сонымен қатар, бірнеше күн бұрын Ольховка мен Белоусовка ауылдарының арасында, қараңғылық түсебастаған, кешкі уақытта жолда жылқылар қараусыз жүрген. Нәтижесінде жол-көлік оқиғасы орын алды.
Малды қараусыз қалтырған бақташы ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.