Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы қорытындыланды

Ертіс ауданының полицейлері «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысы бойынша 23 жол ережесін бұзғанын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төрт күн ішінде полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 23 фактісін анықтады.

Автокөлікті мас күйінде басқарғаны үшін үш жүргізуші ұсталды, оның екеуі құжатсыз мотокөлік құралдарын және бір жеңіл көлікті басқарды. Көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланғаны үшін үш жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбағаны үшін бес жүргізуші, сонымен қатар көлік құралын басқару құқығы жоқ және басқа да құқық бұзушылықтар үшін алты жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды.

«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Ертіс ауданының полиция бөлімінің полицейлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында жол қозғалысына қатысушылар арасында түсіндіру әңгімелерін өткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру