Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда жыл басынан бері 57 қылмыс жаяу патрульдеудің көмегімен ашылды

Алматы қаласындағы жаяу патрульдеу – қылмыстың тез ашылуына себепкер болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ПД-нің біріккен полиция күштерін біртұтас орналастыру жоспарына сәйкес қала 102 патрульдік аймаққа бөлінген. Жалпы, қалада 2 мың 020 патрульдік бағыттар жасалынған, олардың 478-і автокөлік, 1 мың 487-і жаяу, 55-і стационарлық бекеттер.

– Жаяу патрульдерге барлығы 1140 полиция қызметкері тартылған, олардың көпшілігі – патрульдік полиция қызметкерлері. Жыл басынан бері 57 қылмыс жаяу патрульдеудің көмегімен ашылды, 3500-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 19 наурыздан, төтенше жағдай және карантин жарияланғаннан бастап барлық патрульдік бағыттар тынығу орындарына ауыстырылды, жеке құрамның қызметі тұрғындар арасында маска режимін сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын, сонымен қатар саябақтарда, алаңдарда және халық көп жиналатын жерлерде рейдтер өткізуді қамтиды, – деп хабарлады Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру