Павлодар облысында қауіпсіздік белдігін тақпаған 5 мыңнан астам жүргізуші анықталды
Павлодар облысында қауіпсіздік белдігін тақпаған бес мыңнан астам жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар өңірінде жыл басынан бастап 5 032 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мұндай бұзушылықтарды Павлодар қаласы Жедел басқару орталығының камералары да анықтайды.
– Мысалы, орталық инспекторлары академик Сәтпаев-Лермонтов көшелерінің қиылысында Ваз-2114 автокөлігінің жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тақпағанын анықтады. Тәртіп бұзушы ҚР ӘҚБтК 593-бабының 2-бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 5 АЕК айыппұл салынды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Қуаныш Мұстафинов.