Павлодар облысында қос азаматтықты анықтау жұмыстары жалғасып жатыр
Павлодар облысында қос азаматтықты анықтау жұмыстары жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасында қос азаматтыққа жол берілмейді, яғни шетелдік азамат бір мезгілде біздің еліміздің және басқа мемлекеттің азаматы бола алмайды. Егер Қазақстаның азаматы басқа мемлекеттің азаматтығын алса, онда ол осы сәттен бастап Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылады.
Қазіргі уақытта көші-қон қызметінің бөлімшелері облыстың мемлекеттік органдарымен бірлесіп қос азаматтықты анықтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.
Мысалы, құқықтық тәртіп сақшылары мемлекеттік шекарадан өту кезінде Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданғаннан кейін Ресей Федерациясы азаматының құжаттарын пайдаланған азаматты анықтады.
Жыл басынан бері Павлодар облысының көші-қон қызметі 886 адамға қатысты Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылғанын тіркеді, оның 842-сі басқа мемлекеттің азаматтығы бар екенін өздері хабарлады.
Полиция қазақстандықтарға қос азаматтыққа жол берілмейтінін тағы да еске салады.