Павлодар облысында құқық қорғау органдарының тергеушілері футболдан турнир өткізді
Павлодар облысында құқық қорғау органдарының тергеушілері футболдан турнир өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысы құқық қорғау органдарының тергеу бөлімшелерінің қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өтті. Іс-шараға Павлодар облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы бастамашылық жасап, ұйымдастырды.
Турнирді ашқан облыстық полиция ведомствосының басшылығы мен ұйымдастырушылары барлық қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тіледі.
– 6 сәуірде алдын ала тергеу органдарының құрылғанына 60 жыл толады. Посткеңестік кеңістікте, оның ішінде Қазақстанда тергеу органдарын құрудың бастапқы нүктесі КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1963 жылғы 6 сәуірдегі жарлығы болып саналады. Алдын ала тергеу органдарының құрылу тарихы 1864 жылы қылмыстық сот ісін жүргізу жарғысына тергеушінің іс жүргізу автономиясы идеясы алғаш рет енгізілген кезде басталды. 1970 жылдан бастап тергеушілер ішкі істер органдарының штаты мен құрылымына кірді, – деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов құттықтау сөзінде.
– Бұл мамандық туралы көптеген кітаптар жазылды және фильмдер түсірілді, көбінесе тергеушінің жұмысы романтика мен шытырман оқиғаларға толы деп ойлауға мәжбүр етеді. Алайда, бұл шындықтан алыс. Тергеуші – бұл заңнаманы терең білуді, табандылықты, зейінді шоғырландыруды талап ететін қылмыстық істер бойынша ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі жетілдіруге талап ететін күнделікті қажырлы жұмыс. Өйткені, қылмыстық істердің материалдарын қолында ұстаған тергеуші адамның тағдырын жиі өз қолында ұстайды, – деді Павлодар облысы ПД ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақберды Абраев.
Спорттық іс-шара «Спорт Сити» кешенінің футбол манежінде өтті, оған 7 команда қатысты: полиция департаментінің аппараты, ІІО ардагерлері, прокуратура, сот, Экономикалық тергеу департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті және сот-медициналық сараптама институты.
Құқық қорғау органдары қызмет формасын алып тастап, өз командаларының арнайы спорттық формасын киді.
Ойын қарқынды және қызық болды. Достық күйінде өтті. Әр ойыншы өз командасына ұпай жинап, өз қақпаларын қарсыластарының шабуылынан қорғауға тырысты.
Нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, оларға медальдар мен грамоталар табысталды. Қола – сот сараптамасы институтының командасына, күміс – судьялар командасына бұйырды, ал алтынды прокуратура командасы жеңіп алды.
Сонымен қатар, экономикалық тергеу департаментінің қызметкері Асқаров Азаматқа «Үздік қорғаушы»; тергеу ардагері Ғалымбек Жүсіповке «Үздік қақпашы»; тергеу ардагері Болатжан Ақбербаевқа «Үздік шабуылшы»; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің қызметкері Бекзат Болатқа «Үздік ойыншы» және тергеудің құрметті ардагеріне – Ермағай Мауияұлы Әбікеевке – «Үздік жанкүйер» номинациялары берілді.
Барлық қатысушылар мен жанкүйерлер жаңа эмоциялар мен сергектікке ие болды.