Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 69 дерегі анықталды

Павлодар облысында табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 69 дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында “Браконьер” жедел алдын алу шарасы жалғасуда. Полиция қызметкерлері браконьерлік, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымы фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

Тұрғындар пайда іздеп, қытайлық желілермен балық аулап, сөм-сөмкелермен көп мөлшерде балық тасып немесе рұқсатсыз және жолдамасыз аң аулап жүрудін көптеген фактілері анықталды. Кейбіреулер аңшылық қаруды тасымалдау және сақтау ережелерін сақтамайды, ал бұл өз кезегінде қайғылы салдарға әкелуі мүмкін.

– 12 күн ішінде табиғатты қорғау полицейлері 69 заң бұзушылықты анықтады, оның ішінде 33 заңсыз аң аулау фактісі, 30 балық аулау ережесін бұзу фактісі. Полиция қызметкерлері 590 келі заңсыз ауланған балықты, 6 құқық бұзушылық жасау құралын, 650 метр Қытай өндірісінің желісін тәркіледі, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері Павлодар өңірінде табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 823 фактісі анықталды, барлық құқық бұзушылар қолданыстағы заңнама шеңберінде жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру