Қарағандыда полицейлер автобуста ұрланған телефонды иесіне қайтарды
Қарағандыда автобуста ұрланған телефон иесіне қайтарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 қазанда Қарағанды қаласының ПБ Михайлов полиция бөліміне 18 жастағы қала тұрғыны арызданған. Жас жігіт өзінің ұялы телефонын белгісіз біреудің ұрлап кеткенін айтты. Келтірілген шығын көлемі 400 мың теңгені құрады.
Белгілі болғандай, ұрлық жәбірленуші маршруттық автобуста келе жатқан кезде орын алған. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
1 қарашада жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 23 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындады. Айғақты зат тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.