Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында түнгі уақытта көшеде жүрген екі мас жасөспірім қыз анықталды

Павлодар облысында түнгі уақытта көшеде жүрген екі мас жасөспірім қыз анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бірнеше күн бұрын «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері түнгі уақытта Успен ауылында жүрген екі қызды байқады. Жасөспірімдер түнгі уақытта көшеде ата-анасының сүйемелдеуінсіз болып қана қоймай, олар мас болған.

– Қыздар медициналық мекемеге жеткізілді, онда спирттік ішімдіктерді ішу фактісі расталды, – деді Павлодар облысы Успен ауданының полиция бөлімінің инспекторы Дамира Букаева.

Сондай-ақ, жасөспірімдердің бірінің айтуынша, оның анасы түнгі ауысымға жұмысқа кеткенін пайдаланып, ересек болуға бел буған. Ол жатақханада тұратын аграрлық-техникалық колледжінің студент құрбысын қонаққа шақырғанын айта кетті. Кәмелетке толмағандардың екеуі де 17 жаста.

Осы колледждің 4 курс студенті, қыздардың досы оларға алкоголь әкелген.

Сонымен қатар, бұл бірінші рет болмағаны белгілі болды. Бұрын колледж студентімен және оның анасымен баланың түнгі уақытта ата-анасыз болуына жол бермеу туралы профилактикалық әңгімелер жүргізілген болатын, анасы бұл үшін ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігі (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондықтан кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта көшеде жүргені үшін қыздардың ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 3-бөлігі (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша  әкімшілік хаттамалар жасалды, сондай-ақ жасөспірімдердің мас күйінде болғаны және қоғамдық орындарға шыққаны үшін ата-аналары ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 2-бөлігі (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Сонымен қатар, қыздарға алкоголь сатып алған досы кәмелетке толмағандарды мас күйінде ұстағаны үшін ҚР ӘҚБК-нің 131-бабына (Кәмелетке толмаған адамды масаң күйге дейiн жеткiзу) сәйкес жазаланады.

Қазіргі уақытта барлық материалдар ювеналды сотқа жолданды. Бұдан басқа, бұл факт кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның қарауына жасөспірімдерді одан әрі профилактикалық есепке қою туралы сұрақ енгізіледі.

– Ағымдағы жылы Успен ауданының аумағында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта көшеде жүрген 9 жасөспірім, спирттік ішімдіктер ішкені үшін екі кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды, – деп атап өтті Дамира Букаева.

Осындай фактілерге байланысты Успен ауданының полицейлері ата-аналар мен заңды өкілдерге дұрыс тәрбие туралы, сондай-ақ әрбір ата-ана өз балаларының жүрген жері мен қарым-қатынас ортасын білуі тиіс екенін ескертеді. Сауда орындарының иелері мен сатушылар алкоголь өнімдерін сату туралы заңнаманы қатаң сақтауы керек және 21 жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынғанын ұмытпауы керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру