Павлодар облысында тұрғылықты жері жоқ 2 мыңға жуық адам қабылдау-тарату орнына жеткізілді
Павлодар облысында тұрғылықты жері жоқ 2 мыңға жуық адам қабылдау-тарату орнына жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Суық ауа райының басталуымен Павлодарлық полицейлер белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар жиналған жерлерде рейдтік іс-шаралар өткізеді. Осы кезеңде полицейлердің алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі – тұрғылықты жері жоқ адамдардың өлімі мен үсіп қалу фактілерін болдырмау.
Осы жылдың басынан бастап полицейлер қабылдау-орналастыру орнына белгілі бір тұрғылықты жері жоқ 2323 адамды жеткізді. Полицияға келгеннен кейін жеткізілгендердің барлығы бірқатар рәсімдерден өтеді: олар фото-бейне жазбаларға қойылады, саусақ іздері жазылады, іздеуде жүрген қылмыскерлер мен хабар-ошарсыз кеткендердің тізімдерімен салыстырылады.
Полицейлер қала тұрғындарына еске салады, қабылдау-орналастыру орнының есіктері тәулік бойы ашық. Егер белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар үйлердің жертөлелерінде немесе кіреберістерінде болса, қайыр сұраса немесе қоқыс тастаса, полиция “102” және қабылдау-орналастыру орнына 51-58-51 телефон арқылы қоңырау шалуға болады.