Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында тұрғындардан тіркелмеген 13 қару алынды

Павлодар облысында тұрғындардан тіркелмеген 13 қару алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету деңгейін арттыру, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың, оның ішінде атыс қаруы мен жарылғыш заттарды пайдалану арқылы жасалған қылмыстардың алдын алу мақсатында 13 қаңтардан бастап Павлодар облысының аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Тәртіп сақшысы жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан тіркелмеген 13 қару алынғанын атап өтті. Әрбір алынған қару бойынша сараптама тағайындалып, тексеру жүргізіледі.

– Атыс қаруын заңсыз сақтағаны үшін жауапкершілік ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабына (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) сәйкес көзделетінін еске саламыз. Қаруды тәркілей отырып, 50 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды және Қазақстан Республикасы ҚК-нің 287-бабына (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сәйкес 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салуды немесе 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Жасқайрат Қайыров.

Әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, атыс қаруын өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын естеріңізге саламыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру