Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында ультрамарафон аяқталды

Павлодар облысында ультрамарафон аяқталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Павлодар облысында Балалар жылына арналған көпкүндік ультрамарафон аяқталды. Оның шеңберінде салауатты өмір салты мен спортты танымал ету, өскелең ұрпақты есірткіге қарсы насихаттау және патриоттық тәрбиелеу бөлігінде ауқымды жұмыс жүргізілді. Павлодарда қоғам өкілдері, партия мүшелері, еріктілер мәреге жеткен ультрамарафоншыларды салтанатты түрде қарсы алды. Ирина Тимиргалиева, Өміржан Ошжанов және Евгений Белов облыс жолдарында 800 км жүріп өтті.

Бүгінгі таңда қылмыскерлер есірткіні тарату үшін қазіргі заманғы байланыс құралдарын көбірек қолданады, ал жеткізу және сату схемаларында байланыссыз төлем әдістері және банктік емес төлемдердің жаңа түрлері барған сайын белсенді қолданылады. Таралумен күрес шараларының бірі – бұқаралық ақпарат құралдарында, танымал әлеуметтік желілерде және білім беру мекемелерінде есірткіге қарсы ақпараттық саясат жүргізу, және бұл жерде жастарға өз мысалында есірткісіз және алкогольсіз қызықты әрі қанық өмір сүруге болатынын көрсету маңызды.

– Эмоцияларды жеткізу қиын, өйткені мен велосипедпен мұндай қашықтықты алған жүріп өттім. Әдетте мен марафондарды жүгірумен өткіземін. Біздің команда бүкіл бағыт бойы өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтының нәтижесін көрсетті, гимнастика, қоян-қолтық ұрыс, кикбоксинг, воркаут бойынша мастер-класстар және тыйым салынған заттарды таратқаны үшін құқықтық жауапкершілік бөлігінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Біз ата-аналар мен педагогтарға еліміздің азаматының дені сау, үйлесімді дамыған және әлеуметтік жауапты тұлғасын қалыптастыруда спорттың, дене шынықтырудың қаншалықты маңызға ие екенін көрсеткіміз келеді, – деп бөлісті Павлодар облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы Ирина Тимиргалиева.

Айта кету керек, Ирина Тимиргалиева кикбоксингтен Қазақстан мен Ресейдің спорт шеберлігіне үміткер, спорт ардагері, марафоншы, ізгі ниет еріктісі, 100 км жүгіріп, 700 км велосипедпен жүріп өтті.

Ультрамарафоншы Евгений Белов 60 жаста, «Қазақстан Халық банкі» АҚ қызметкері 800 км қашықтыққа жүгірді. Өміржан Ошжанов – ультрамарафоншы, 61 жаста, білім беру саласының қызметкері, жүгіруден 100 км болса, 700 км веложарыс. Ол Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Павлодар қаласынан Мәскеу қаласына, сондай-ақ Павлодар облысының Шарбақты кентінен Ұлан Батыр, Моңғолия қалаларына дейін велосипедпен жүріп өтті, 12 сағатта жүзіп отырып, 70 км қашықтықты еңсерді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру