Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстаулық полицейлер президенттік көпсайыстан жүлделі орынды иеленді

Қостанайда өткен ҚР құқық қорғау органдарының, күш және арнайы құрылымдарының қызметкерлері арасындағы Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған президенттік көпсайыс өз мәресіне жетті, – деп хабарлайды Polisia.kz

Чемпионат “Динамо” дене шынықтыру-спорт қоғамы мен ІІМ ІХ ведомствоаралық спартакиадасының бағдарламасы аясында өткізілді. Облыстық ПД мен ҚР күштік және арнайы құрылымдары атынан қатысқан командалар күш, мергендік жылдамдық және ептілік бойынша бақ сынасты. Сайыс бірнеше кезеңдерден тұрды: жауынгерлік қарудан ату, еркін жүзу, граната лақтыру, қашықтыққа жүгіру.

Спорт – құқық қорғау органдарының айнымас серігі. Кәсіби полицей қызмет бабында кездесетін түрлі сын-қатерлерге дайын, батыл шешім қабылдай алатын, әсіресе, спорттық тұрғыда әбден шыныққан азамат болуы қажет. Чемпионатқа қатысушылар қызметтеріне адал және мықтылығын көрсетіп қана қоймай, нағыз спортшылар екендігін де дәлелдеді.

Президенттік көпсайыстың қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері үздік үштіктің қатарынан бой көрсетіп, жүлделі орынмен оралды. Олар Нұр-Сұлтан және Қарағанды ПД командаларынан кейінгі үшінші орынға ие болды.

Жеке жарыстарда 35 жас категориясы бойынша үшінші орынды полицей Сабит Халбаев еншіледі. Сонымен қатар, маңғыстаулық тәртіп сақшылар Мирболат Аубакиров пен Ержан Абдираманов 40 және 45 жас аралығында өткізілген бәсекеде екінші орынды иеленді. Жеңіс тұғырын бағындырған маңғыстаулық тәртіп сақшыларын қызметтегі әріптестері құрметпен қарсы алып, құттықтау сөздерін жеткізді.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен және арнайы грамоталармен марапатталды. Көпсайысты ұйымдастырушылар мұндай жарыстардың еліміздің спорттық өміріне елеулі ықпалын тигізіп, ерекше дәстүрге айналатынына сенім білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру