Павлодар облысында заңсыз балық аулаған екеу ұсталды
Павлодар облысында заңсыз балық аулаған екеу ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– 2021 жылғы 7 мамырда сағат түнгі 02:00 шамасында Тереңкөл ауданының тәртіп сақшылары Байқоныс ауылының екі тұрғынын ұстады. Олар уылдырық шашу тыйым салынған уақытта тор мен қайықты қолданумен балық аулаған. Ауланған балықтың жалпы салмағы 10 кг құрады. Заттай дәлелдемелер мен құқық бұзушылық құралдары тәркіленді, – деді Павлодар облысы Тереңкөл аудандық Пб-нің бастығы Арман Кәрімов.
Аталған факті бойынша ауыл тұрғындарына қатысты ҚР ӘҚБК 383-бабы 3-бөлімі (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік өндіріс басталды. Материалдар сотқа жіберілді.
Ағымдағы жылдың басынан бастап Тереңкөл ауданының полицейлері балық аулау ережелерін бұзудың алты фактісін анықтады.