Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері жыл басынан бері екі мыңға жуық құқықбұзушылықты тіркеді

Түркістан облысының полицейлері жыл басынан бері жалпы екі мыңға жуық құқықбұзушылықты тіркеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал АПБ-нің ЖПҚБ-нің учаскелік полиция инспекторлары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің ерекше бөліміндегі тәртіпсіздікке “нөлдік төзімділік” қағидатын жүзеге асыруға, азаматтардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыруға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға тікелей әсер ететін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен белгіленген баптары бойынша, 2021 жылдың төрт айында жалпы нөлдік төзімділік қағидаты бойынша 1992 құқықбұзушылық анықталса, өткен жылы 1142 анықталған.
Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабымен (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) 52, 133-бабы (Он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекiнi және темекi бұйымдарын сату және олардың сатуы) бойынша екі құқықбұзушылық, 200-бабымен (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) – 11, 204-бабымен (Белгiленбеген орындарда сауда жасау) – 187 құқықбұзушылық, 408-бабы (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзуы) бойынша – 553, 434-2-бабымен (Ортақ пайдаланатын орындарды ластау) бойынша – 392 құқықбұзушылық тіркелген.

Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша – 219, 441-бабымен (Жекелеген қоғамдық орындарда темекi шегуге тыйым салуды бұзу) – 85, 442-бабы 2-бөлігімен (Кәмелетке толмағандардың заңды өкiлдерiнің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болуы) – жеті құқықбұзушылық және 449-бабы (Қоғамдық орындарда тиісу) бойынша – 330 құқықбұзушылық анықталып, әкімшілік шара көрілген.

Мәселен, Мақтаарал ауданының жергілікті тұрғыны қоғамдық орында адамның қадір-қасиетіне нұқсан келтіретіндей дәрежеде мас халде жүргені анықталды. Аталған тұрғынға медициналық сараптама тағайындалып, сараптама қорытындысына сәйкес, полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша әкімшілік хаттама толтырған.

Осы тұста полиция қызметкерлері ескертеді: Жол жүру қағидаларын қатаң сақтаңыздар. Қандайда бір құқықбұзушылықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада “102” нөмірі арқылы полицейлерге хабарласыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру