Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағашта тұрғынның көлігінен 44 дана газ қысымын реттеуіш құрылғы табылды

Түркістан облысының полицейлері газ реттеуіш құрылғыларын ұрлағандарды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ патрульдік полиция қызметкерлері рейдтік жұмыстарын жүргізу барысында, қауіпсіздік белдігін тақпай келе жатқан автокөлікті тоқтатады. Сондай-ақ көлік жүргізушісінен құжаттарын сұрап, тексеру кезінде автокөліктің ішінде заңсыз зат бары анықталды. Полицейлер күмән тудырған Нексианың артқы жүк салғышынан 44 дана газ қысымын реттеуіш құрылғыларын тәркілеп алды.

Аталған оқиғаны тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді. Күдікті 2 азаматтан тәркіленіп алынған газ құрылғыларының жалпы сомасы 1,8 миллион теңгені құрайды.
Тәртіп сақшылары тергеу барысында күдіктілердің қазіргі таңда жұмыссыз екендігін анықтайды. Осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінгі таңда күдіктілердің бас шарасы қолхатта.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға өз мүлкін қараусыз қалдырмауға кеңес береді, бұл ұрылар үшін оңай олжа болуы мүмкін. Сондай-ақ өзіңіздің шаруашылық аулаларыңызды және ұйымдардың аумақтарын сенімді қоршаумен қоршап, бейнебақылау камерасы және күзет дабылын орнату қажет. Егер, сіз, ұрлықтың немесе басқа да қылмыстардың құрбаны, куәгері болсаңыз, тез арада 102 нөміріне хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру