Павлодар облысында заңсыз балық аулаған тұрғын анықталды
Павлодар облысында заңсыз балық аулаған тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар өңірінде «Уылдырық шашу» акциясы жалғасып жатыр. Оның негізгі мақсаты – балық уылдырық шашу кезеңінде су жануарларын заңсыз өндіру, объектілер мен биологиялық ресурстар өнімдерінің заңсыз айналымының браконьерлік фактілерінің жолын кесу.
15 сәуірден 30 мамырға дейін Павлодар облысының дала және тұщы су айдындарында, Ертіс өзенінің жайылмалы су айдындарында балық аулаудың барлық түрлеріне тыйым салынды. Браконьерліктің алдын алу мақсатында полицейлер профилактикалық рейдтер жүргізеді. Бүгінгі таңда табиғат қорғау заңнамасының 25 құқық бұзушылығының жолын кесті.
– Мысалы, 26 сәуірде сағат 02.05-те Павлодар ауданы ауылдарының бірінде патрульдеу кезінде полиция 36 жастағы ауыл тұрғынын ұстады, ол Ертіс өзенінің жайылмасында тыйым салынған тәсілмен заңсыз балық аулаған. Ауыл тұрғынынан екі шанышқы құралы, ИЖ мотоцикл және буффало түрінің құрамындағы 7,5 келі балық тәркіленді. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды және шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді, – деп хабарлады Павлодар ауданы ПБ жергілікті полиция қызметінің бастығы Қайрат Сатыбаев.