Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында заңсыз ет тасымалдаған тұрғын анықталды

Павлодар облысында заңсыз ет тасымалдаған тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сағат 22.00 шамасында Ефремовка ауылының жанындағы Павлодар-Успенка автожолында павлодарлық полиция қызметкерлері Mitsubishi автокөлігін тоқтатты.

– Тексеру кезінде жүксалғышта бір ірі қара мал ұшасының еті болған. Полиция ауыл тұрғынында тасымалданатын етке тиісті ілеспе құжаттар жоқ екенін анықтады, – деп хабарлады Павлодар ауданы полиция бөлімінің бастығы Дулат Төкенов.

Полиция Ақтоғай ауданының 47 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБК 406-бабы (Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік материал жасалғанын, материал аудандық ветеринариялық инспекцияға процессуалдық шешім қабылдау үшін жіберілгенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру