Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері жоғалған 3 жасар қызды тапты

Түркістан облысының полицейлері жоғалған 3 жасар қызды тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отырар ауданы ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын көмек сұрап келген. Ол өзінің 3 жасар қызының үй ауласында ойнап жүріп, шығып кеткенін айтқан. Хабарды алған Отырар ауданы ПБ-ның Жергілікті полиция бөлімшесінің патрульдік полиция тобының қызмет инспекторлары Қуаныш Сәтпаев пен Жанарбек Нұрдаулет жоғалған баланы іздеуге бірден кірісті.

Тәртіп сақшылары жан-жақты түгел шолып шығып, кішкентай қыздың жүруі мүмкін жерлердің барлығын мұқият тексерді. Полиция қызметкерлерінің тынымсыз еңбектерінің нәтижесінде 3 жасар бүлдіршін 5 шақырым қашықтықтағы жердегі көпқабатты үйлердің арасында ойнап жүрген жерінен табылды.

Өз кезегінде отырарлық сақшылардың жеделділігіне риза болған анасы өз алғысын жеткізді.

– Полиция қызметкерлеріне рақмет. Небәрі бір сағаттың ішінде жоғалған қызымды тауып берді. Істеріңіз алға баса берсін!, – деді ол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру