Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында заңсыз жұмыс істеген 10 шетелдік жауапқа тартылды

Павлодар облысында заңсыз жұмыс істеген 10 шетелдік жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көші-қон қызметкерлері «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында қоқыс полигонында заңсыз жұмыс істеген Өзбекстанның 10 азаматын анықтады.

– Көрші республиканың азаматтары осы қоқыс полигонында заңсыз жұмыс істеді, осылайша көші-қон саласындағы заңнаманы бұзды. Олардың жеке басын анықтау және тексеру іс-шараларын жүргізу үшін Павлодар қаласы ПБ-ға жеткізді. Азаматтардың жеке басын анықтағаннан кейін олар заңнамада белгіленген шеңберде жауапкершілікке тартылады. Жұмыс беруші ҚР заңнамасын бұза отырып, шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 100 АЕК айыппұл салынды, – дейді Павлодар қаласы ПБ көші-қон қызметі бөлімінің бастығы Ғомар Шабиденов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру