Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында биыл көлік апатынан 20 адам көз жұмды

Жетісу облысында биыл көлік апатынан 20 адам көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері Жетісу автожолдарында 83 жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан 20 адам көз жұмып, 144 адам түрлі дене жарақаттарын алды.

– Патрульдік полиция батальон қызметкерлері күн сайын жолдарда құқықтық тәртіпті және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізуде. Бірақ, жол-көлік оқиғаларына себеп болатын, жол қозғалысы ережелерін сақтамайтын жүргізушілер әлі де бар. Соңғы төрт күнде ғана жол апатынан бес адам қаза тапты, – деп атап өтті ПД ППБ взводының командирі Ануар Асылбеков.

Жүргізілген талдау ЖКО-ның негізгі себептері жылдамдық режимін асыру, қарсы қозғалыс жолағына шығу, сондай-ақ көлік жүргізушілерінің уақытылы демалмау, яғни ұйқышылдық жағдайлары екенін көрсетеді.

Осыған байланысты, апаттардың алдын алу мақсатында жүргізушілердің мәдениетін арттыруға мүмкіндік беретін заманауи технологиялар тәжірибеге енгізілді. Республикалық маңызы бар жолдарда “Ekin Patrol” көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығын айқындау және панорамалық бейнетіркеудің кіріктірілген кешені бар қызметтік автомобильдер патрульдейді. Тек жыл басынан бері аталған кешенмен 2156 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.

–Құрметті жүргізушілер, сіздің қауіпсіздігіңіз өзіңіздің қолыңызда екенін ұмытпаңыз! Жолда абай болыңыз, жол қозғалысы ережелерінің талаптарын қатаң сақтаңыз және рұқсат етілген жылдамдық режимінен аспаңыз. Есіңізде болсын, жол қателіктерді кешірмейді, – деді А. Асылбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру